Әлеуметтік педагогтардың айлығына үстемақы қосылуы мүмкін

0
206

Кейінгі кезде ерекше балаларға деген мамандардың қажеттігі қоғамда көп талқыланып жатыр.


Әлеуметтік педагогтардың айлығына үстемақы қосылуы мүмкін

фото:Ulysmedia коллажы

ERNUR.KZ. Аталған бастаманы мәжілістегі комитет отырысында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

Еділ Оспанның айтуынша, жоғарғы оқу орындарында педагог-психологтарды дайындау бағдарламасын қайта қарау мәселесі бар.

Осы мәселе бойынша біз ғылым және жоғары білім министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Біздің қолымыздағы ақпарат бойынша қазір алғашқы модульдер осы оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарына енгізілді. Өткір тұрған мәселенің бірі – педагогикалық қолдау орталықтарынан келіп жатқан мамандардың жалақысы мәселесі. Үкіметтің 11.93 қаулысымен азаматтық қызметкерлерге жалақы мәселесі реттеледі. Қазір осы қаулы негізінде өңірлермен жұмыс істеп жатырмыз. Өңірлерде толық мүмкіндіктер бар. Мәслихаттардың шешімімен педагогикалық қолдау орталықтарына үстемақы белгілеу. Осыны ұсынып жатырмыз, – дейді ол.

Кейінгі кезде ерекше балаларға деген мамандардың қажеттігі қоғамда көп талқыланып жатыр. Әсіресе, психологиялық есепте тұрған жасөспірімнің бес жастағы баланың бетінен пышақпен тілгілеген жағдайы осы мәселені күн тәртібіне шығарған.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы 2010 жылдың 7 тамызында туған кәмелетке толмаған балаға қауіпсіздік шаралары қолданылып, бір ай мерзімге психиатриялық стационарға жатқызылғанын хабарлады.

- Науқасқа күшейтілген бақылау режимі белгіленді, деп атап өтті басқарма өкілдері.

Бұл шешім Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы негізінде қабылданған.