Жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.
"Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.