Алматы әкімдігі қала тұрғындарына митинг өткізуге рұқсат берді

0
572

Белсенділер қала әкімін жергілікті тұрғындар таңдауы керек деп санайды.


Алматы әкімдігі қала тұрғындарына митинг өткізуге рұқсат берді

ERNUR.KZ. Алматы қаласының әкімдігі әкімдерді сайлау жөнінде митинг өткізуге келісім берді. Бұл мәліметті қаланың ішкі саясат басқармасы растады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Белсенділер қала әкімін жергілікті тұрғындар таңдауы керек деп санайды. Митинг 5 ақпанда Шоқан Уәлихановтың ескерткіші жанында өтеді. Әлеуметтік желілерде митингтің ұраны «Досаев, кет!» болатыны айтылып жатыр.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты 3 қаңтарда әкімдік қала белсенділеріне 13 қаңтарда қаралы митинг өткізуден бас тартқан болатын.

Айта кетейік, 31 қаңтар күні Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі етіп Ерболат Досаевты тағайындаған болатын. Досаев бұл лауазымда бұрынғы әкім Бақытжан Сағынтаевты алмастырды.