1 маусым күні Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады.
Фото: Алматы әуежайы
ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайы 2-қабаттағы ұшып кету аймағына Ахметов көшесі жағынан қосымша кіру жолының ашылғаны туралы хабарлады, деп жазады inform.kz.
Әуежай мәліметіне сәйкес, қосымша кіреберіс жолаушылар мен әуежай қонақтарына 2-қабаттағы жөнелту аймағына жылдам әрі ыңғайлы кіруді қамтамасыз ету үшін жасалған. Дегенмен әуежай аумағына негізгі кіреберіс Майлин көшесі арқылы жүзеге асырылады.
Еске салайық, биыл 1 маусым күні Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады.