Қажетті техникалық шаралардан соң әуе кемесіне ұшуға рұқсат берілді.
Фото: Sputnik / Дмитрий Петроченко
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 13 қазанда шамамен 01:25–те Алматы әуежайында жанармай құю көлігі Lufthansa әуе компаниясының Airbus A340 ұшағымен (LH648 рейсі, Алматы – Астана бағыты) соқтығысты, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға ұшаққа жанармай құю аяқталғаннан кейін, көлік тұрақтан шыққан сәтте болған.
Инженерлік қызмет дереу тексеріс жүргізіп, қозғалтқыш капотында ұсақ беткі сызаттарды анықтаған.
Қажетті техникалық шаралардан соң әуе кемесіне ұшуға рұқсат берілді.
Қазір әуежайдың ұшу қауіпсіздігі департаменті оқиға бойынша жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр.
"Жолаушылар мен экипажға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Әуежайдағы қауіпсіздік – біздің басты басымдықтарымыздың бірі", – делінген Алматы әуежайының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.