Әуе компаниясы оқиғаның 2025 жылдың 14 қаңтарында Алматы халықаралық әуежайында болғанын түсіндірді.
Фото: Zakon.kz
Әуе компаниясы оқиғаның 2025 жылдың 14 қаңтарында Алматы халықаралық әуежайында болғанын түсіндірді.
Жолаушы рейс уақытынан 30 минут бұрын тіркеу бағанына келіп, рейске тіркелгенін растағаннан кейін, тексеру аймағына бағытталды. Алайда жеткіліксіз уақыт қалуына байланысты жолаушы рейске отырғызуға үлгермей қалған. Осы ретте, рейске отырғызу ұшу уақытына 30 минут қалғанда басталатынын және осы уақытта барлық жолаушылардың гейтте болуы қажет екенін еске саламыз.
Осыдан кейін жолаушы тіркеу аймағына қайта оралып, тексеру аймағына бағыт көрсеткен қызметкерге қатысты агрессивті мінез-құлық көрсете бастады. Оқиға барысында ол қызметкердің жеке мобильді телефонын лақтырып, беті мен ішіне соққы жасады және сөзбен қорқытуды жалғастырды. Бұл агрессиялық әрекет бейнекамераларда және куәгерлердің мәлімдемесімен расталған.
FlyArystan компаниясы қызметкерлеріне және басқа жолаушыларға қатысты күш көрсету, қорқыту және қорлау әрекеттеріне төзімділік көрсетпеу саясатын ұстанатынын еске саламыз. Агрессивті немесе тәртіпке сай келмейтін мінез-құлық танытатын жолаушылар мұндай әрекеттер заңды және әуекомпаниясының ішкі ережелерін бұзатынын, бұл ұшудың қауіпсіздігіне, оның ішінде ұшуға дейінгі дайындық процесіне қауіп төндіретінін түсінуі қажет.
Деструктивті мінез-құлық көрсеткен жолаушы қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады. Сондай-ақ, әуекомпания өз қауіпсіздік саясаты шеңберінде тиісті әрекеттерді, оның ішінде "қара тізімге" енгізу сияқты шараларды дербес түрде қолдану құқығын сақтайды.
Әрбір жолаушының өз мінез-құлқы мен басқаларға деген құрмет нормаларын сақтауы толықтай өзінің жеке жауапкершілігінде екенін ерекше атап өтеміз. Рейске уақытында келу жолаушының жеке жауапкершілігі екенін есте сақтау маңызды. Ұшу қауіпсіздігі мен жайлылығы өзара құрмет, тәртіп және ережелерді сақтау мәдениетіне тікелей байланысты.