Көршінің жаңа астанасын салуға қазақстандықтар да қатыса алады..
ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайында кепілге алынған қызметкерді ерлікпен құтқарып қалған Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бейбітшілік елшісі болып тағайындалды, деп жазады kaz.inform.kz.
Бұл туралы WBC ұйымының президенті Хосе Сулейман әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Хосе Сулейман қазақстандық Әлихан Жарылғапов арқылы ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның іс-әрекетін жоғары бағалады. Сонымен қатар, оны ресми түрде ұйымның бейбітшілік елшісі деп жариялады.
- Мен онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр, - деді ұйым басшысы.
Осыған дейін Алматы әуежайында жолаушы қызметкердің шашынан тартып, көпшілік алдында пышақ кезенгені туралы жаздық.
Ішкі рейстер терминалында ер адам жолаушы ретінде ұшу алдындағы тексеру аймағына барған. Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамнан құжаттарды көрсетуді сұраған, ал ол әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан.
Кейінірек Президент Мұса Әбдірайымды «Ерлігі үшін» медалімен наградтады.