Алматы әуежайындағы оқиға: үш қылмыстық іс қозғалды

0
784

​Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді


Алматы әуежайындағы оқиға: үш қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алып, жолаушыларды "сөмкемде бомба бар" деп қорқытқан ер адамға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Аталған факт бойынша үш қылмыстық іс қозғалды:
Кепілге алу (ҚР ҚК-нің 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы) - мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық (ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі) - 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚР ҚК-нің 273-бабы) - 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Еске сал кетейік, пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, рюкзагында "бомба" бар екенін айтып, жолаушыларды қорқытқан болатын. Оқиғаның мән-жайын тексеру үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Зардап шеккендер жоқ.
Сот шешімімен күдіктіге қатысты екі айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Сонымен қатар ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасымен елдегі әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі тексеріліп жатыр.