Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Ресми мәліметке сәйкес, алкогольге масайған ер адам жаңбырлы күні арыққа құлап кеткен. Алған жарақатынан сол жерде көз жұмған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Бостандық аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
«Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның өзге мән-жайлары тергеу барысында анықталады», - делінген хабарламада.
Бұған дейін, желілерде құбырдың бітеліп қалуына байланысты жұмыс кезінде коммуналдық қызметкерлердің мүрдені тауып алғаны хабарланған.


