Алматы-Лондон рейсінде жолаушыға көмек көрсеткен қазақстандық марапатталды

0
167

​Салтанат Исағалиеваның еңбегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары наградаларымен бағаланды.


Алматы-Лондон рейсінде жолаушыға көмек көрсеткен қазақстандық марапатталды

Фото:gov.kz

ERNUR.KZ. Алматы-Лондон ұшағында жолаушының өмірін сақтап қалған қазақстандық әйел марапатталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Салтанат Исағалиеваның еңбегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары наградаларымен бағаланды. Ол "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" атағы, "Мамандығына адалдығы үшін" құрмет медалі, сондай-ақ "Авиценнаның алтын жұлдызы" төсбелгісімен марапатталды.

"Бұл оқиға дәрігердің жұмысы тек білім мен шеберлік туралы ғана емес, сонымен бірге адамгершілік, жауапкершілік және кез келген уақытта көмекке келуге дайын екендігін тағы да растайды", - делінген ДСМ хабарламасында.

Айта кетейік, 30 мамырда Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі кенеттен ауырып қалған. Бұл бортта Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының акушер-гинекологы Салтанат Исағалиева ұшып келе жатқан. Қиын жағдайларға қарамастан Салтанат Қайратқызы дереу көмек көрсетуге кірісіп, пациенттің жағдайын бағалап, қарап-тексеру жүргізіп науқас үшін барынша жайлылықты қамтамасыз еткен. Жарты сағаттан кейін ұсынмдар нәтиже беріп, әйелдің жағдайы тұрақталды.