Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.
ERNUR.KZ. Алматы маңындағы маршруттар 12 қаңтардан бастап іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz.
“12 қаңтар қала маңына қатынайтын барлық бағыттарды, троллейбустарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Олар сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал алыстағы ауылдарға қатынас әлі жанданған жоқ", – деді қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мұрзаханов.
Ал 11 қаңтар ХҚКО жұмыс істей бастады.
“11 қаңтарда Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын жандандырды. Клиенттерге жеке куәліктерді, төлқұжаттарды және көші-қон қызметтерін тіркеуден басқа барлық қызметтер қолжетімді. Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін”, – деп хабарлады құзырлы ведомство.
Алайда республика бойынша арнайы ХҚКО-лардың қызметі уақытша тоқтатылды, сондықтан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа тапсырмаларды орындауға ауыстырылды. Қазіргі уақытта ХҚКО-лар тек Алматы облысында жұмыс істемейді.