Алматы мен Астанадан Черногорияға тікелей рейстер іске қосылады

0
142

Подгорицаға тікелей рейстер 7 және 8 маусымнан басталады.


Алматы мен Астанадан Черногорияға тікелей рейстер іске қосылады

фото: Официальный телеграм-канал Air Astana

ERNUR.KZ. Air Astana әуе компаниясы Астана мен Алматыдан Черногорияға тікелей рейс ашатынын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Подгорица қаласына рейс 7 маусымнан бастап Алматыдан және 8 маусымнан бастап Астанадан орындалады.
Қазақстан азаматтары Черногорияда 30 күнге дейін визасыз бола алады.
2024 жылы қазақстандықтар Черногорияға 1 мамырдан 31 қазанға дейін бара алды. 2025 жылдың наурызында бұл ел визасыз режимді 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты.