Алматы облысын 7 жыл басқарған Амандық Баталов қызметінен босатылды

0
634

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошановтың қатысумен Алматы облысының әкімдігінде облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессия өтті.


Алматы облысын 7 жыл басқарған Амандық Баталов қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қызметінен босатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошановтың қатысумен Алматы облысының әкімдігінде облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессия өтті. Жиында облыс мәслихаттың депутаттары Амандық Баталовты қызметінен босату жөніндегі шешімге дауыс берді. Нәтижесінде Амандық Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды.

Өз кезінде Ерлан Қошанов Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа бұған дейін атқарған жұмыстарына алғыс білдірді.
Амандық Баталов 1952 жылы Өзбек КСР Нүкісте дүниеге келген.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген.
1981-1985 жылдары - «Алматыөңдеуқұрылыс» тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында аға прораб, бас инженер, бастық.
1985-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы
Құрылыс және өндірістік құрылыс материалдары қызметкерлері кәсіподағы Алматы облыстық комитетінің хатшысы
Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы.
1987-1989 жылдары - құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары облыстық комитетінің төрағасы.
1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының құрылыс, өнеркәсіп құрылыс материалдары бөлімінде жетекші маман, бас маман.
1991-1992 жылдары - ҚР Президенті аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті.
1992 жылы - «Құрылыс индустриясы және технология» концернінің вице-президенті.
1992-1994 жылдары - Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары.
1994-1995 жылдары - Ленин аудандық әкімшілігінің әкімі.
1995-2001 жылдары - Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі.
2001-2008 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары.
2008 жылдан бері Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылдың тамыз айынан бер Алматы облысының әкімі болды.