​Алматы облысында анасы пышақтаған бала есін жиды

0
607

Бірақ жағдайы әлі де ауыр.


​Алматы облысында анасы пышақтаған бала есін жиды

ERNUR.KZ. Алматы облысының Іле ауданында анасы бірнеше жерден пышақтаған баланың жағдайы әлі де ауыр. Дәрігерлер есін жиды дегенімен, біршама уақыт жансақтау бөлімінде ем қабылдайтынын айтты, деп жазады exk.kz.

Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Асқар Қалиев 10 жасар баланың кеше қандай пышақ жарақатымен түскенін айтып берді.

"Арқа, сол жақ қолы мен мойынын жарақаттаған. Әсіресе мойын тұсында кеңірдегі мен қалқанша безі пышақталыпты. Бірден операция жасалды. Бала есін жиды. Бірақ әлі де әлсіз. Жағдайы ауыр", деді Асқар Қалиев.

Дәрігерлер баланы біраз уақыт жансақтау бөлімінде жататынын айтады. Жағдайы бері қарағанша ем-шара жүргізеді.

"Қазіргі уақытта ауруханаға ұлының жағдайын сұрап әкесі ғана келіп жүр", деді Асқар Қалиев.

Жантүршігерлік жайт Өтеген батыр ауылындағы Гагарин көшесінде орналасқан көпқабатты үйде болды.

© ЭК

Қазір келіншек полиция бөлімінде. Оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалып, психологиялық диспансерге орналастыру туралы мәселе шешілуде. Тергеу жұмыстары жалғасуда.