Оқыс оқиға таңғы бесте болған.
ERNUR.KZ. Алматы облысының Іле ауданына қарасты "Жомарт" саяжайында бір түнде бір отбасының 4 адамы газдан уланып өлді, деп жазады Экспресс К.
Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Оқыс оқиға таңғы бесте болған. Журналистің айтуынша, жанұя бұл саяжайға жақында көшіп келген.
"Өте өкінішті. Алматы облысындағы Іле ауданына қарасты саяжайда бір түнде бір отбасындағы 4 адам газдан уланып қаза тапты. Отағасы мен 3 ұлынан айырылған анаға көңіл айтамыз. Отбасы бұл саяжайға жақында көшіп келіпті", - делінген жазбада.