Өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 га болды.
ERNUR.KZ. Іле-Балқаш резерватының (кірме жолдар жоқ аралшықтар және қолжетімділігі төмен батпақты жерде) аумағында 150 га алаң жанып жатыр, деп жазады baq.kz.
Өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 га болды, оның ішінде сөндірілгені - 6050 гектар). Әлеуметтік желілерде таралған космомониторингтің суреттері бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқан.
ТЖД және "Іле-Балқаш" МТР" РММ күштерімен қолмен жұмыс жасайтын шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу тәртіппен солтүстік-батыс жағында 6-кварталда алдын ала болжам бойынша 150 га алаңда сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштерімен жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Метеорологиялық жағдай: күн ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +24С, солтүстік бағытта соққан желдің жылдамдығы 2 м/с.


