Рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткен бес оқушыны Lexus көлігі үлкен жылдамдықпен қағып өтті.
ERNUR.KZ. Алматы облысы көлік қаққан бес оқушының екеуі әлі жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін жансақтау бөлімінде үш оқушы ем алған болатын. Біреуі травмотология бөліміне ауыстырылды.
"Бүгінгі таңда жол апатынан зардап шеккен екі баланың жағдайы ауыр. Реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр. 13 жасар 1 қыз баланың жағдайы орташа ауырлықта. Реанимацияда жатқан үшінші 9 жасар бала травматология бөліміне ауыстырылды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Балалар басқарма тарапынан бақылауға алынып, оларға барлық қажетті мециналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиға 25 қарашада болған. Рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткен бес оқушыны Lexus көлігі үлкен жылдамдықпен қағып өтті. Салдарынан 9,10, 12 жастағы үш бала жансақтау бөліміне түскен. Оқушылар Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасында жатыр.