Алматы облысында қызды өлтіріп, артынша өртеді деген күдікті ұсталды

0
747

Қылмыс жасады деген күдікпен осы ауылдың 28 жастағы тұрғыны ұсталды.


Алматы облысында қызды өлтіріп, артынша өртеді деген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Өрнек ауылында қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде екі тәулік ішінде қылмыс ашылды. Қылмыс жасады деген күдікпен осы ауылдың 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұрын тонау үшін сотты болғаны анықталды, қазір еш жерде жұмыс істемейді. Кінәсін мойындап, қылмыстың қалай жасалғанын айтып берді", - деді Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары полиция подполковнигі Данияр Меңдебаев.

Қазіргі уақытта ұсталған ер адам ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктінің айтуынша, 20 тамызда шамамен сағат 12.00-де ол қызға шабуыл жасап, қылғындырып, артынша оны өртеп жіберген.

Еске салайық, 21 тамызда Алматы облысында 1999 жылғы қыз баланың өлі табылғаны хабарланған болатын.