Алматы облысында оқушыны дәретханаға жібермей қойған мұғалім жұмысынан қуылды

0
1 176

Ал сынып жетекшісі мен еден жуушыға тәптіптік жаза қолданылған.


Алматы облысында оқушыны дәретханаға жібермей қойған мұғалім жұмысынан қуылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында сабақ үстінде қыз баланы дәретханаға жібермей, ыңғайсыз жағдайға қалдырған оқытушы жұмысынан босатылған, деп жазады kaz.nur.kz.

Басылымның мәліметінше, мектепте болған аталмыш жайттан кейін білім басқармасының қызметкерлері мектеп ұжымы мен техникалық қызметкерлермен бірге профилактикалық әңгіме жүргізген.

Ал сынып жетекшісі мен еден жуушыға тәптіптік жаза қолданылған.

"Бастауыш сыныптарына сабақ беретін мұғалімдердің тапшылығына қарамастан, 5 қараша күнгі бұйрыққа сәйкес, орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі жұмыстан қуылды", - деп ха ведомствода.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында мұғалім дәретханаға сұранған екінші сынып оқушысын сыртқа жібермей, салдарынан қыз баланың ағзасы шыдамай, сол жерде дәрет сындырған.

Оқиға Үштөбе қаласының мектептерінің бірінде орын алған.

Болған жағдайдан кейін кішкентай қыз әлі күнге дейін өз-өзіне келе алмай жүр екен. Ол тіпті ата-анасынан өзін басқа мектепке ауыстыруды сұрап жүргенге ұқсайды. Себебі ұялды екен.

Қыз баланың сабаққа да барғысы келмейтін көрінеді өйткені сыныптастарының алдында күлкіге қаламын ба деп қорқады.