25 наурызда толассыз жауын-шашынның салдарынан Қотырабұлақ өзені арнасынан шыққан.
фото: Пресс-служба МЧС Казахстана
ERNUR.KZ. Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында бірнеше үй мен әлеуметтік нысанды су басты, деп жазады sputnik.kz.
25 наурызда толассыз жауын-шашынның салдарынан Қотырабұлақ өзені арнасынан шыққан.
"Бесағаш ауылында жеті аула аумағы мен медициналық орталықты су басты", - деп жазды ведомство.
Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, өзен жағасы заңсыз тарылып, тасыған су арнасынан шығып кеткен.
Өйткені тұрғындар өзеннің арнасына қоршаулар мен күркелер салып тастаған.
"Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су басқан үйлердің жоғарғы бөлігінде арық жүйесін тереңдетіп жатыр. Жұмысқа Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарынан 15 адам, 5 техника және 2 мотопомпа жұмылдырылды", - дейді төтенше жағдай мамандары.
Қазіргі уақытта су ағысы тоқтатылған. Заң бұзғандар анықталып, өзен арнасы қалпына келтіріліп жатыр.