Алматы облысында су тасқыны қаупі бар аймақтарға тексеру жүргізілді

0
113


Алматы облысында су тасқыны қаупі бар аймақтарға тексеру жүргізілді

ERNUR.KZ. Алматы облысында су тасқыны мен көшкін қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді, деп жазады BAQ.KZ.

Талғар ауданында Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Масабаев, облыстық ТЖД бастығы Д. Оразбеков, сондай-ақ аудан әкімдігінің өкілдері мен салалық қызметтер мамандарының қатысуымен су тасқыны мен көшкін қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді.

Тексерілген учаскелер:

1. Бесағаш және Тұздыбастау ауылдарының шекаралық аймағы:

Алматы – Алатау тас жолындағы құбыр өткелі мен су басу қаупі бар аумақтар тексерілді. Судың өткізу қабілетін арттыру, арнаны тазалау және жағалауды нығайту шаралары талқыланды.

2. Бесағаш ауылындағы көшкін қаупі бар учаске:

«Бурабай» коттедж қалашығындағы қауіпті еңістер қаралды. Қауіпті азайту және еңістерді нығайту бойынша шаралар талқыланды.

3. Талғар қаласындағы сел ұстайтын бөгет:

Гидротехникалық нысанның техникалық жағдайы тексеріліп, 2025 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары қарастырылды.