Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

0
1 005

Қазір қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматы облысында жол апаты болып, салдарынан бес адам қаза тапты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, 1 сәуірде сағат 08:00 шамасында Audi 100 көлігінің жүргізушісі, яғни Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғыны Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының 196-шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 1964 жылғы Б. есімді азамат тізгіндеген Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Әртүрлі дене жарақаты бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Қазір қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.