Алматы облысында жастар арасында жаппай төбелес болды

0
97

​Алдын ала мәліметтер бойынша, көшеде басталған жанжал ірі төбелеске ұласқан.


Алматы облысында жастар арасында жаппай төбелес болды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Тұрар ауылында бір топ жасөспірім мен жастар арасында жаппай төбелес болды. Қақтығыс кезінде суық қару қолданылған болуы мүмкін, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, көшеде басталған жанжал ірі төбелеске ұласқан. Куәгерлер мен жергілікті парақшалардың хабарлауынша, қатысушылардың қолында өткір заттар болған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.

Алматы облысының Полиция департаменті аталған дерек бойынша жедел іздестіру шараларын бастады. Қазіргі таңда оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Төбелестің барлық қатысушысы мен жанжалды бастаған арандатушылардың тұлғасы анықталып жатыр.

Тәртіп сақшылары жағдайды бақылауға алып, ауылдағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.