Алматы облысында жел электр станциясы салынады

0
3 260

Жел электр станциясы (ЖЭС) Алматы облысының Шелек ауылында орналасады және қуаттылығы 60 МВт 300 МВт-қа дейін кеңейеді.


Алматы облысында жел электр станциясы салынады

ERNUR.KZ. «Жетісу энергиясы» компаниясы («Самұрық-Энерго» АҚ еншілес кәсіпорны) Қазақстанның энергия тапшылығы бар оңтүстік аймағында жаңартылатын энергия көзі объектісін салады, деп жазады 7kun.kz.

«Самұрық-Энерго» АҚ мәліметінше, жел электр станциясы (ЖЭС) Алматы облысының Шелек ауылында орналасады және қуаттылығы 60 МВт 300 МВт-қа дейін кеңейеді.

«Қазіргі уақытта меншікті генераторлық қуаттың болмауына байланысты Алматы облысының электр энергиясына деген қажеттілігі меншікті энергия көздерімен 50% қамтамасыз етіледі», — деп хабарлады ұйымда.

Олардың мәліметтері бойынша, ЖЭС орналасқан аймақта энергия тапшылығы бар. Электр энергиясының негізгі көздері Алматы ЖЭО, Қапшағай және Алматы СЭС-і каскады, Есік ГЭС, Мойнақ СЭС, Қаратал СЭС болып табылады.

«Шелек дәлізінде жел электр станциясын салу есебінен парниктік газдар шығарындыларын төмендету жылына 206 мың тонна көміртегі қос тотығын құрайды, сондай-ақ жылына 89 мың тонна стандартты отынды алмастырады. Сонымен қатар, жел электр станциясы қоршаған ортаға ең аз әсер ететін электр қорларын толықтыруға мүмкіндік береді», — деді «Самұрық-Энерго» жобалық кеңсесінің басшысы Ернұр Жиенбаев.

Сонымен қатар, құрылыс кезінде 300 жұмыс орны, сондай-ақ станцияны іске қосқаннан кейін 14 тұрақты жұмыс орны ашылады. ЖЭС жылына 225,7 мың кВт / сағ электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Құрылысты аяқтаудың жоспарланған мерзімі – 2020 жыл.

Станция 24 Жел энергетикалық қондырғылардан, жиынтық қуаты 60 МВт, қосалқы станциялар мен электр беру желілерінен тұрады. Объектінің агрегаттарын басқаруды жел станциясын автоматты басқару жүйесі бар аппараттық-бағдарламалық кешен жүргізеді. Бұл модельдің артықшылығы суық континентальды климат, сейсмикалық белсенділік жағдайында 10 балл және желдің II класын қолдану болып табылады.