Алматы облысында жүк пойызы 120-дан астам қойды қағып кетті

0
458

​Алматы облысында жүк пойызы 120-дан астам қойды қағып кетті.


Алматы облысында жүк пойызы 120-дан астам қойды қағып кетті

ERNUR.KZ. Оқиға 12 қыркүйек күні сағат 01.24-те Алматы облысының "Жетіген-Құрөзек" станциясы аралығында болды, деп жазады sputnik.kz.

"Жүк пойызының машинисі темір жолдан өтіп бара жатқан бір отар қойды байқап, шұғыл тежеу қолданды. Алайда, қақтығыстың алдын алу мүмкін болмады, соның салдарынан 530 бас қойдың 123-і поезд астына түсіп, өлді. Пойыздың тұрағы 13 минутты құрады", - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Оның айтуынша, оқиға орнына Алтынкөл станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірден жетіп, жүргізілген іс-шаралар барысында малдың иесін анықтады. Ол Алматы облысы Туғанбай ауылының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.


Аталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.