Алматы облысының кәсіпорны Қазақстанда бірінші болып "Наурыз жұмыскер" бағыты аясында өз қызметкерлерін қолдады

0
120

Жұмысшы кәсіптері жылы аясында темірбетон конструкциялары зауытының басшылығы өз қызметкерлеріне "Наурыз жұмыскер" бағыты бойынша кредит алу үшін бастапқы жарналарын төлеп беріп, қолдау көрсетті.


Алматы облысының кәсіпорны Қазақстанда бірінші болып

ERNUR.KZ. Алматы облысында орналасқан "Фирма БЕНТ" ЖШС шпалдар мен рельсті бекіткіштерді өндіруге маманданған. Бүгін кәсіпорын басшысы Дінмұхамед Күзиев пен Отбасы банктің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов "Наурыз жұмыскер" бағытын іске асыру шеңберінде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Бұл құжаттың арқасында көптеген жылдар бойы кәсібилігі мен өз ісіне адалдығын көрсеткен зауыттың 8 қызметкері номиналы 3 млн теңге сертификат алды. Бұл қаражат оларға бастапқы жарнаның 10% төлеуге және "Наурыз жұмыскер" бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның бұл бастамасы қазақстандық компаниялар арасында алғашқы болып отыр.

2025 жылдың 17 наурызынан бастап зауыт жұмысшылары Отбасы банкінің филиалдарына жүгініп, төлем қабілеттілігін растап, бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады.

"Наурыз жұмыскер" бағыты бойынша өтінімдерді қабылдау бөлінген қаржыландыру лимиті аяқталған сәтке дейін жалғасатын болады. 2025 жылы отбасының жаңа бағытын іске асыруға банк 72 млрд теңге бағыттайды, соның арқасында 2 440 жұмысшы кәсіптерінің өкілдері қолжетімді заем ала алады.

Өзінің төлем қабілеттілігін растаған "Наурыз жұмыскер" қатысушысының баспана іздеуге алты ай уақыты болады. Өңірлер үшін ең жоғары қарыз сомасы 30 млн теңгені, Астана мен Алматы үшін - 36 млн теңгені құрайды.

Мегаполистер мен облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. "Баспана маркет" порталында (otbasybank.kz) қолайлы тұрғын үй кешені мен пәтерді таңдауға болады. Қайталама тұрғын үйді моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде сатып алуға болады. Клиенттер үшін "Наурыз жұмыскер" бағытына қатысуға өтінім беру кезінде Отбасы банкіндегі шотта кемінде 2 млн теңге болуы тиіс екенін ескерген жөн.