Алматы облысының өз Голливуды болады

0
2 423

Өңірде кино кешенін құрып, 15 млрд.теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр.


Алматы облысының өз Голливуды болады

ERNUR.KZ. Отандық фильмдердің 80% Алматы облысының аумағында түсіріледі. Облыс әкімі Жетісу жерінің өз Голливудын құруға уәде берді. Амандық Баталовтың өңір халқы алдындағы есебінде режиссер Ақан Сатаевтың сауалына жауап берді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында теле және радиохабарлар мазмұнын жақсарту үшін жұмыс істеу қажеттігін айтқан еді. Оның пікірінше, Қазақ киноматографиялық қауымдастығы ішкі қайшылықтарға толы болды, бұл шығармашылыққа кедергі келтіреді. Бұл мәселенің шешімін Ақан Сатаев көріп отыр. Ол Алматы облысы кино түсірушілер үшін жақсы алаң екенін атап өтті.

«Отандық фильмдердің 80% Алматы облысының аумағында түсіріледі. Бұл жолы да сізге Қапшағай су қоймасының жағасында кинопавильонды жүзеге асыру ұсынысымен жүгінгім келеді. Халықаралық кинофестивальдерді ұйымдастыруда тәжірибесі мол Киностудия 2021 жылы сіздермен бірге «Түркі елдері кинофестивалін» өткізуді ұсынды. Алдағы шара Алматы облысы мен Талдықорған қаласының мәдени тұрғыда мәртебесін көтеріп, туризм мен кино өнерін дамыту үшін жақсы алаң болады», - деді режиссер.

Өз кезегінде Амандық Баталов бұл бастаманы қолдап, жақын арада Алматы облысының өз Голливуды болады деп уәде берді.

«Жетісу өзінің көрікті жерлерімен әрдайым танымал болған. Жақында маған «Қазақфильм» Болливудпен бірге ортақ жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырғаны туралы хабарлады. Оның аясында Алматы облысының аумағында әлемдік деңгейдегі кинопавильон салынады.Әлемдік киноматография өкілдері Жетісу киноиндустриясын ілгерілетсе, мен қуанар едім. Менің тарапымнан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Біз осы саланы дамыту жолында барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Бізде таулар, шексіз дала, шөлдер, көлдер мен өзендер бар. Осы сұлулықтың барлығын біз бүкіл әлемге көрсетіп, насихаттауымыз керек», - деді әкім.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы фильмдердің 80-90%-ы Алматы облысында түсіріледі. Себебі, Жетісудың климаты қолайлы, табиғаты сұлу. Олардың арасында танымал режиссерлердің «Томирис», «Жау жүрек мың бала», «Көшпенділер» және т.б. кинокартиналары бар. Сонымен қатар, шетелдік орындаушылар Жетісу сұлулығын T-Fest «Улети», корей бойз-бэнд «In2it» «Amazing», Rag ' n ' Bone Man «Skin» сияқты үздік бейнеклиптерге таңдағаны белгілі.

«Соңғы бірнеше жылда Жетісуда түрлі фильмдер мен сериалдар жиі түсіріле бастады. Дарынды балалар «О, Ләйлә», «Welcome to Zhetysu», «I love Taldykorgan» картиналарын, «Ілияс Жансүгіров» пен «Барлыбек Сыртанов» туралы деректі фильмдерді түсірді. Болашақта біздің жас режиссерлеріміз киноиндустрияның танымал мэтрлерінен тәжірибе алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын»,- деді Амандық Баталов.

Кез келген елде кино неғұрлым көп түсірілсе, туризм мен бизнес соғұрлым қарқынды дамиды. Алматы облысының имиджі жақсарып кинематографиялық инфрақұрылым құрылуда, жергілікті мамандар әлемдегі ең үздік мамандармен бірге жұмыс істеп, баға жетпес тәжірибе алуда. Жаңа жабдықтар, техникалар мен жаңа декорациялар пайда болды.

«Кино кешенінің құрылуы жетісулықтардың жұмысқа орналасуына да жақсы әсер етеді. Жергілікті тұрғындар үшін 100 жаңа жұмыс орны құрылады, сондай-ақ, 15 млрд.теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда», - деді Амандық Ғаббасұлы.