Алматы тауларында жоғалған 73 жастағы кореялық бір айдан бері іздестіріліп жатыр

0
91

2 қарашадағы жағдай бойынша туристің қайда екені әлі белгісіз.


Алматы тауларында жоғалған 73 жастағы кореялық бір айдан бері іздестіріліп жатыр

Видеодан кадрлар

ERNUR.KZ. Алматы тауларында Талғар асуы маңында жоғалып кеткен 73 жастағы Оңтүстік Корея азаматын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ер адамның іздестіріліп жатқанына бір айдан асты, алайда әзірге оны табу мүмкін болмай отыр, деп жазады tengrinews.kz.

Турист таудан өз бетінше түспек болған

Бұған дейін 28 қыркүйекте Кореяның 73 жастағы азаматы топ құрамында "Шымбұлақ" аспалы жолымен тауға көтерілгені хабарланды. Кейін ол серіктестеріне бағытты өз бетінше жалғастырып, қалаға жаяу түсетінін айтқан.

Алайда ер адам қонақүйге оралмаған. 29 қыркүйекте оның жоғалғаны туралы ақпарат құтқарушыларға түсіп, іздеу шаралары басталды.

Іздеу жұмыстары бір айдан аса уақыт жүргізіліп жатыр

2 қарашадағы жағдай бойынша туристің қайда екені әлі белгісіз. Алматы ТЖД ер адамның әлі табылмағанын растады.

Іздестіру жұмыстары неге қиындады?

Операцияның алғашқы күндері іздеу жұмыстарына ТЖМ және полиция қызметкерлері, еріктілер, кинологиялық есептер, дрондар мен авиация тартылды. Таулы аймақтар кезең-кезеңімен тексерілді.

Құтқарушылардың жұмысына таулы жердің күрделі бедері, іздеу аумағының ауқымдылығы және биіктік айырмашылығы кедергі келтіріп жатыр. Әсіресе жетуі қиын учаскелерге, беткейлер мен шатқалдарға ерекше көңіл бөлінген.