Балуан Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатында күміс медальға ие болды

0
116

Отандасымыз ақтық белдесуде Ресей өкілі Иналбек Шериевпен кездесті.


Балуан Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатында күміс медальға ие болды

фото: Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті. Отандасымыз ақтық белдесуде Ресей өкілі Иналбек Шериевпен кездесті.
Нәтижесінде Қайпанов қарсыласына жол беріп, әлем біріншілігін күміс медальмен аяқтады.
Жерлесіміз финалға дейін төрт белдесуде жеңіске жетті. Ол Косово өкілі Эгзон Хониден, Әзірбайжан балуаны Туран Байрамовтан, Тәжікстан өкілі Виктор Рассадиннен және жапониялық Йошиносуке Аоягиден басым түсті.
Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатында финалға жолдама алған Қазақстан құрамасының жалғыз өкілі атанды.
Бұған дейін Нұрқожа 2024 жылы әлем чемпионы атанып, 2019 жылы күміс, ал 2025 жылы қола медаль иеленген еді.