Алматыда 2021 жылды Мұғалім жылы деп жариялауды ұсынды

0
781

Мұндай ұсыныс ҚР премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың мұғалімдермен кездесуінде айтылды.


Алматыда 2021 жылды Мұғалім жылы деп жариялауды ұсынды

ERNUR.KZ. Алматы педагогтері 2021 жылды мұғалім жылы деп жариялауды ұсынды, деп жазады Zakon.kz.

Бердібек Сапарбаев атап өткендей, бұл жақсы ұсыныс және ол қарастырылатын болады.

Мұғалімдердің қазіргі проблемалары туралы айта келе, Бердібек Сапарбаев бүгінгі білімнің ұлттық құндылықтарға негізделуі керек екенін баса айтты: "Бұл бағытта тек мұғалімдердің ғана жұмысы жеткіліксіз, оқушылардың отбасыларымен де тығыз байланыс қажет".

"Ең негізгі талапты талапкердің өзі өзіне қоюы керек. Ол мұғалім болып жұмыс істеуге, жаңа білім алып, жас ұрпақты тәрбиелеуге дайын ба? деген сұраққа өзі жауап беруі керек. Ал сіздер, мұғалімдер, оларды өз үлгі-өнегелеріңізбен осы мамандыққа ынталандыруларыңыз керек", - дейді педагогикалық факультетке түсуге ниет білдірген талапкерлерге қойылатын талаптар туралы сұраққа жауап берген Б.Сапарбаев.

Жиында сонымен қатар, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жастарды қолдау мәселелері сөз болды. Ол мәселелер де негізінен адам факторымен байланыстырылды: "Кей жерде пәтер бөлінбейді, кей жерде сыйақылар берілмей қаладыі. Біз мұның бәрін қадағалайтын боламыз", - деп түйіндеді Б.Сапарбаев.