Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді

0
198

Жасөспірімдердің ата-аналарына "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру бойынша шаралар қабылданды.


Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді

Сурет: ҚР ІІМ

ERNUR.KZ. Алматыда полиция 20-дан астам клуб пен барды тексерді, деп жазады zakon.kz.

Жедел жағдайды тұрақтандыру, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жолын кесу, сондай-ақ балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мақсатында Алматы қаласының Түрксіб және Жетісу аудандарында жергілікті іс-шара жүргізілді.

"Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту, қараусыз қалған және панасыз қалған кәмелетке толмағандарды, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерде болуын, кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар жасауға тартатын ересектерді анықтау", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, түнде 31 жастар жиналатын орын, 20 мейрамхана, дәмхана, бар, түнгі клуб, сондай-ақ 6 компьютерлік клуб тексерілді.

Нәтижесінде 29 кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, полицияға жеткізілді, оның 5-і түнгі демалысын ойын залдарында өткізген. Жасөспірімдердің ата-аналарына "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру бойынша шаралар қабылданды.