Алматыда 4 жаңа су қоймасы салынып жатыр

0
1 005

Алматы қаласында жаңа су қоймасы жобаланып, құрылысы басталды.


Алматыда 4 жаңа су қоймасы салынып жатыр

ERNUR.KZ. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтып берді, деп жазады inform.kz.

«Қазір 4 жаңа су қоймасының жобасы жасалып, құрылысы басталды. 27 желтоқсанда Наурызбай ауданының шығыс бөлігіндегі Қарғалы өзені бойындағы су қоймасы техникалық түрде іске қосылады. Ақсай су қоймасы жоспарланған мерзімге сәйкес салынып жатыр. Ерменсай және Барлық өзендеріндегі су қоймалары жобалау сатысында тұр», - деді Е. Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде.

Сонымен бірге әкім биылғы жазда аптап ыстықтан Медеу ауданының жоғарғы бөлігінде су тапшылығы сезілгенін атап өтті.

«Тапшылықты жою үшін қуаты тәулігіне 32 мың м3 болатын сумен жабдықтаудың резервтік схемасы құрылуда, ол 2024 жылдың маусым айында аяқталады. Судың негізгі көздері Талғар жерасты сулары және сорғы станцияларының қуатын 60%-ға арттырып, 6 жаңа ұңғыманы бұрғылау болмақ. Биыл жыл соңына дейін «Каменское плато» ауданының тұрғындарын сумен жабдықтау бойынша көп жылдық проблема шешіледі», - деді Е. Досаев.

Айта кетейік, Ерболат Досаев елордада Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беріп жатыр. Бұған дейін қала әкімі Алматыда дизельмен жүретін автобус сатып алуға тыйым салынуы мүмкін екенін айтқан еді.