Алматыда әлдекімдер Азия чемпионын өлтіріп кетуге тырысқан

0
97

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда бірнеше белгісіз адам “чемпионды өлтірмек болған”. Олардың бірі спортшының жүрек тұсына пышақ сұғып алған.


Алматыда әлдекімдер Азия чемпионын өлтіріп кетуге тырысқан

Фото: Ашық дереккөз

ERNUR.KZ. Алматыда Дзюдодан Азия чемпилны Дамир Исхановқа шабуыл жасалған, деп жазады ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда бірнеше белгісіз адам “чемпионды өлтірмек болған”. Олардың бірі спортшының жүрек тұсына пышақ сұғып алған. Спортшы аман. Оның жақындары аталған оқиға бойынша ашылған қылмыстық іс жұмсақ бап бойынша қозғалғанын айтады. Олар тіпті істі жауып тастауы мүмкін деп қауіптенеді.

Алматы полиция департаменті жағдайға байланысты түсінІк берді.

"Аталған дерек бойынша Алмалы ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тексеру жан-жақтылық, объективтілік қағидаттарын қатаң ұстанып жүріп жатыр. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында” делінген хабарламада.

Полиция департаменті қылмыстық іс қандай бап бойынша ашылғанын ашып айтпады.

Дамир Исаханов Қазақстанның спорт шебері, дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы.