Алматыда әлеуметтік нысандар жылуға 7 қазаннан бастап қосылады

0
310

Алматыда жылыту маусымы әдетте 15 қазаннан басталады.


Алматыда әлеуметтік нысандар жылуға 7 қазаннан бастап қосылады

Фото: Алина Төлеубаева/ҚазАқпарат ХАА

ERNUR.KZ. Алматыда биыл жылу ертерек беріледі. Әлеуметтік нысандар жылуға 7 қазаннан бастап қосылады, деп жазады inform.kz.

Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, 7-11 қазан аралығында нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жоспарда. Бірінші кезекте, жылу әлеуметтік мекемелерлерге, оның ішінде балабақшаларға, мектептерге және медициналық-әлеуметтік нысандарға берілетін болады.

«АлТС» ЖШС қазірдің өзінде айналым режимін іске қосуға дайын, бұл қажет болған жағдайда жылу беруді жедел бастауға мүмкіндік береді. Коммуналдық кәсіпорын материалдық – техникалық базадан бастап бригадаларға арналған арнайы техника мен киімге дейін барлық қажетті заттармен толық жабдықталған, олар ықтимал авариялар мен технологиялық іркілістерді жоюмен айналысатын болады», - деп хабарлады әкімдіктен.

Биыл жылыту маусымына дайындық аясында қаланың алты ауданында 20 км жылу желісі қайта жаңартылды. Мамандар желілерді сынау мен жөндеуді аяқтап, сорғы жабдықтарын жаңартты. Барлығы 69 сорғы станциясы және 24 резервуар-аккумулятор дайындалды, бұл ыстық су желісіндегі ең жоғары жүктемелерді теңестіруге мүмкіндік береді.

«Ақауларды жедел жою үшін 2024-2025 жылдарғы жылыту маусымында қажетті апатты материалдар мен жабдықтар қоры жасалған. Апатты жағдайлар кенеттен болған кезде оларды жоюмен 16 апатты және жөндеу бригадалары жұмыс жасайды, олардың құрамында 220 адам мен 56 техника бар. Сондай-ақ, 33 учаскенің пайдаланылатын 7 ауданындағы 714 адам жұмыс істеуге дайын», - деп атап өтті ведомстводан.

Еске салсақ, Алматыда жылыту маусымы әдетте 15 қазаннан басталады. Бұл кезде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн ішінде +8 градусқа дейін немесе одан төмен түседі. Осыдан кейін жергілікті атқарушы органдар жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдайды. Өткен жылы жылу 10 қазаннан бастап берілген болатын.