Алматыда әпкесі мен інісі вакцинация паспортын қолдан жасап сатқан

0
416

Туыстардың заңсыз әрекетін криминалдық полиция қызметкерлері жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықтаған.


Алматыда әпкесі мен інісі вакцинация паспортын қолдан жасап сатқан

ERNUR.KZ. Алматыда әпкесі мен інісі вакцинация паспортын қолдан жасап сатқан, деп жазады Tengrinews.kz.

Туыстардың заңсыз әрекетін криминалдық полиция қызметкерлері жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықтаған.

"Назарымызға бірінші болып 22 жастағы А. есімді азамат түсті. Ол ұйымдастырушы болған: клиенттерді тауып, келіссөздер жүргізіп, төлемді электрон аударымдар арқылы қабылдаған. Кейін техникалық жағын жүзеге асыру үшін қаладағы емханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін әпкесін іске қосқан. 25 жастағы М. есімді азаматша коронавирусқа қарсы егілгендер базасына клиент деректерін енгізіп отырған. Іс жүргізу тәртібімен медбикенің жұмыс орнына тінту жүргіздік. ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген қылмыстық іс материалдарына кеңсе техникасын және профилактикалық егулерді тіркеу құжаттамасын тіркедік және тәркіледік", - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Екі айыпталушы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеуді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның 5 қаласында вакцинация паспортын сатқан дәрігерлер ұсталғаны хабарланған болатын.