Оқиға 13 маусымда 12.40 шамасында Спасская көшесінде болған.
ERNUR.KZ. Алматыда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай әкімшілік ғимараттың қоршауына соғылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 13 маусымда 12.40 шамасында Спасская көшесінде болған. Желіде жол-көлік оқиғасының видеосы жарияланды.
"Салдарынан қоғамдық көліктің екі жолаушысы жарақат алып, медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Аталған фактіге қатысты полиция тиісті тексерулерді жүргізеді.