Автобус екі жолаушы мен екі көлікті соғып, одан кейін "Mega" сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіріп кеткен.
ERNUR.KZ. Алматыда сенбі кешке Сейфуллин мен Төреқұлов көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды, деп жазады sputnik.kz.
№123 автобус Hyundai Elantra көлігіне соғылады, ол жол жиегіне ұшып кеткен. Бұған қоса автобус жол-жөнекей электр қалқанын құлатып, бағдаршамның жануын күтіп тұрған екі адамды қағады. Әрі қарай автобус автотұрақ аумағына кіріп кетіп, Mega park қабырғасына барып соғылады. Сондай-ақ ол тұрақтан шығып келе жатқан Volkswagen Polo көлігін соққан.
Автобус жүргізушісі көше қиылысында рөлге ие бола алмай қалған
Апат салдарынан бес адам зардап шекті – автобус жүргізушісі, Volkswagen Polo жүргізушісі мен екі жолаушысы және жаяу жүргіншілер жолында тұрған екі адам. Соңғы екеуі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.
Автобус екі көлік пен екі адамды соққан, зардап шеккендер қазір жансақтау бөлімінде жатыр
Автобус жүргізушісінің не себепті рөлге ие бола алмай қалғаны әзірге белгісіз. Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.