Жол апатынан жолаушылар мен жүргізушілер зардап шекті.
ERNUR.KZ. Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Жол апаты Төле би көшесі мен Абылайхан даңғылының қиылысында болған.
№5 троллейбус Абылай хан даңғылымен келе жатқанда оған №48 бағдарындағы автобус бар жылдамдықпен келіп соғылады. Неге екені белгісіз, автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамаған.
Жол апаты салдарынан автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, бордюрге тіреледі. Қуанышқа орай, бұл уақытта қиылыста көлік болмаған.
Апат кезінде жеті адам зардап шекті: екі жүргізуші мен автобустың бес жолаушысы. Барлығы түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.