Алматыда балконнан салбырап тұрған баланы құтқарған студент марапатталды

0
412

Ерасыл Махмұд көмек сұраған 67 жастағы Ермекбай Тамабаевты тыңдап, тұрғын үйдің жетінші қабатындағы балконның темір торынан салақтап тұрған балаға ұмтылған.


Алматыда балконнан салбырап тұрған баланы құтқарған студент марапатталды

ERNUR.KZ. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің дене шынықтыру факультетінің 18 жастағы студенті Ерасыл Махмұд «Төтенше жағдайдағы Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп жазады zakon.kz.

"Алматыда марапатты ұжым алдында салтанатты жағдайда ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің атынан Алматы қаласы ТЖД бастығы Руслан Қасымбаев тапсырды. Ол Ерасылдың ата-анасына балаға лайықты тәрбие бергені үшін алғысын білдіріп, Қазақстанда осындай жастар барда аға буын еліміздің болашағына қатты алаңдамай, сенімді болатынын атап өтті", - деп жазады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, баланы құтқару кезінде көрсеткен жедел әрекеті үшін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ермекбай Тамабаев ҚР ТЖМ алғыс хатымен марапатталды, ол да баланы құтқару процесіне қатысқан.

Марапаттау рәсімі


21 шілдеде Ерасыл Махмұд көмек сұраған 67 жастағы Ермекбай Тамабаевты тыңдап, тұрғын үйдің жетінші қабатындағы балконның темір торынан салақтап тұрған балаға ұмтылды. Темір тордан ұстап, өмірі үшін жанталасқан кішкентай баланың күші әбден сарқылып бара жатқанда Ерасыл көмекке келіп, оны құтқарып қалды. Содан кейін баланы анасына табыстады. Ерасылдың батыл әрекеті мен оқыс жайтқа бей-жай қарай алмаған Ермекбай Тамабаевтың қырағылығының арқасында бала аман қалды.