Алматыда BMW жүргізушісі жолда бұзылып тұрған Nissan көлігін жөндеп жатқан екі адамды қағып кетті

0
317

Жүргізуші мен оның жолаушысы артқы дөңгелекті ауыстырып жатқан.


Алматыда BMW жүргізушісі жолда бұзылып тұрған Nissan көлігін жөндеп жатқан екі адамды қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда Абай даңғылының қиылысы мен Саин көшесінің солтүстік бағытында апат болды. ЖКО-ның бір қатысушысы қаза тауып, екіншісі ауруханаға жатқызылды, деп жазады zakon.kz.

Саин көшесінің бойында солтүстік бағытта, сол жақ қатарда Nissan Mistral джипі бұзылып, оның жүргізушісі техникалық ақауларды жойды. Көлік домкратта тұрды, ал жүргізуші мен оның жолаушысы артқы дөңгелегін ауыстырды.

Әзірге белгісіз себептермен BMW жүргізушісі (болжам бойынша бәлкім оларды байқамады, әлде көлік жөнделіп жатқанын кеш түсінді ме белгісіз) джипке соғылып, адамдарды қағып кетті. Оларды бірнеше метрге дейін ұшырып жіберген. Нәтижесінде Nissan Mistral жүргізушісі, 1976 жылы туған ер адам сол жерде қайтыс болды, ал оның жолаушысы ауруханаға түсті.

Саин көшесінде кептеліс пайда болды.