Алматыда екі адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті

0
888

1983 жылы туған азамат ұсталып, күдікті ретінде қамауға алынды.


Алматыда екі адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Алматыда 39 жастағы ер адам екі танысына травматикалық тапаншадан оқ атты, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаменті фактіні растады. Медеу аудандық полиция басқармасы тергеуді бастады.

«Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті – 1983 жылы туған У. есімді азамат ұсталып, қамауға алынды. Белгілі болғанындай, Медеу ауданына қарасты шағын аудандардың бірінде тұратын үш ер адамның арасында жанжал туындаған. 39 жастағы тұрғын травматикалық тапаншадан 1973 жылы туған Б. және 1973 жылы туған Г. есімде екі адамға оқ атты», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Полиция өкілінің айтуынша, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Қылмысты тексеру үшін тергеу-жедел тобы құрылды.