Алматыда екі науқас жындыханадан қашып кеткен: оларды бірнеше айдан бері іздеп жатыр

0
109

​Олар биыл сәуір, мамыр айларында жындыханадан қашып кеткен.


Алматыда екі науқас жындыханадан қашып кеткен: оларды бірнеше айдан бері іздеп жатыр

Фото: Lider.kz

ERNUR.KZ. Алматыда жындыханалардың бірінен қашып кеткен екі адам бірнеше айдан бері іздестіріліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Lider.kz волонтерлік желісі арнайы хабарлама жариялады.

Шахрай Нелли Александровна, 24.06.1989 жылы туған. Қазақстан, Алматы қаласы

Ол 16.04.2026 жылы сағат шамамен 09:00-де Бостандық ауданындағы Кекілбайұлы көшесі, 117 мекенжайында орналасқан «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК-дан шығып кеткен.

Нелли Шахрайдың бойы – 167 см, дене бітімі орташа, көзі қоңыр, шашы қара-қоңыр, арасында ағарған шаштары бар, ұзын. Бетінде бөртпе бар.

Киімі: қою көк түсті велюр кофта, күлгін шалбар, көк түсті резеңке аяқ киім.

Ол психикалық дертке шалдыққан.

Антипин Денис Сергеевич, 07.09.1991 жылы туған. Алматы қаласы.

Ол 13.05.2026 жылы сағат шамамен 08:00-де Бостандық ауданы, Кейкибаев көшесі, 117а мекенжайында орналасқан Психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен.

Бойы – 180 см, дене бітімі орташа, шашы қара-қоңыр, арасында ағарған шаштары бар, қысқа. Көзі қоңыр, сол көзінің маңында меңі бар.

Киімі: қара түсті кеудеше, ақ футболка, қара шалбар, қара түсті сланцы.

Психикалық дертке шалдыққан.

«Жоғалған адам туралы қандай да бір мәлімет болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласқан жөн: +7 705 105 31 31; +7 701 375 92 91 немесе 102», – делінген Lider.kz хабарламасында.