Оның кім екені анықталып жатыр.
Фото: скрин
ERNUR.KZ. Алматыда ер адам қоғамдық көлікте жыныс мүшесін жалаңаштаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оның видеосы әлеуметтік желіге тарады. Куәгерлердің айтуынша, ол кәмелетке толмаған қыздың көзінше арсыз әрекет жасаған.
Алматы қаласының Полиция департаменті бейнематериалдың таралу фактісі бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
«Қазіргі уақытта оқиғаның болған орны мен уақыты, сондай-ақ құқық бұзушының жеке басы анықталуда. Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп нормаларын өрескел бұзады және оларға жол берілмейді», - делінген хабарламада.
Барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.


