Алматыда Есентай өзені арқылы өтетін көпір ашылды

0
867

Кестеге сәйкес, көпір 1 қыркүйекте ашылуға тиіс болатын.


Алматыда Есентай өзені арқылы өтетін көпір ашылды

ERNUR.KZ. Алматыда әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпір ашылды, деп жазады sputnik.kz.

"Шілдеде техникалық сараптама нәтижелеріне сәйкес апаттық жағдайда деп танылған көпірде реконструкциялау жұмыстары басталған болатын. Жаңғырту жұмыстары аясында беларқаларды күшейту, ескілерін алынып, 96 жаңа аралық құрылыс плиталары орнатылды, гидроизоляция жасалып, асфальтбетон жабыны төселді", - делінген хабарламада.
Кестеге сәйкес, көпір 1 қыркүйекте ашылуға тиіс болатын. Әкімдіктің хабарлауынша, қазіргі кезде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, жаяу жүргіншілерге көлік жүретін бөліктің екі шетінен уақытша жолақ бөлінген.
Көпірдің бойымен толығымен көлік қозғалысы ашық.