Оған ҚР ҚК екі бабы бойынша айып тағылады.
ERNUR.KZ. Алматыда көшеде әйелді баласымен бірге қағып, екі адамның өліміне себепші болған қашқын-жүргізуші ұсталды, деп жазады Zakon.kz.
Жол-көлік оқиғасы 9 тамызда сағат 21:00-де Бурундайская көшесінде болған еді. BMW маркалы автокөлік жүргізушісі 1996 жылғы әйел мен оның 5 жастағы баласын қаққан. .
- Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Оны іздестіру арнайы іздеу тобы құрылды. Енді күдікті – 1986 жылғы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның көлігі тәркіленіп, қылмыстық іске тіркелді, - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы.
Ұсталған азаматқа қарсы Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы бойынша айып тағылады: 345 баптың 4 б. – екі және одан да көп кісі өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы және 347 бап – жол-көлік оқиғасы орнын тастап кету.