Алматыда футбол жанкүйерлері арасында жаппай төбелес болды

0
316

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалған.


Алматыда футбол жанкүйерлері арасында жаппай төбелес болды

ERNUR.KZ. Алматыда футбол жанкүйерлерінің жаппай төбелесі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Төбелес туралы журналист Михаил Козачков Telegram арнасында жазды.

«Жақында Алматыда жанкүйерлер арасында төбелес болды. Менің түсінуімше, жергілікті тұрғындар Ақтөбе жанкүйерлерімен төбелескен. Ал оның бәрі бақылау камерасына түсіп қалған. Артынша оқиға орнына полиция келді», – делінген хабарламада.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалған.

«Осы факті бойынша Түрксіб ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Төбелеске қатысушылар ұсталып, полицияға жеткізілді. Олардың әрқайсысының іс-әрекетіне заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады. Басқа жағдайлар анықталуда», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.