Алматыда қант бағасын көтерген кәсіпкерге айыппұл салынады

0
588

Департамент мәліметінше, қазіргі уақытта нарық субъектілерінің басым үлесін айқындау мақсатында ірі өнім берушілердің атына сұрау салулар жіберілді.


Алматыда қант бағасын көтерген кәсіпкерге айыппұл салынады

ERNUR.KZ. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті баға мониторингінің нәтижелері бойынша қант бағасының алыпсатарлық өсу белгілерін анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Департамент мәліметінше, қазіргі уақытта нарық субъектілерінің басым үлесін айқындау мақсатында ірі өнім берушілердің атына сұрау салулар жіберілді. Монополияға қарсы талқылау қорытындылары бойынша тиісті шара қабылданатын болады.

Монополияға қарсы департамент дүрлігуге жол бермеуге шақырады және бәсекелестікке қарсы келісімдер, келісілген іс-әрекеттер нәтижесінде алыпсатарлық бағаның өсуі, сондай-ақ үстем жағдайды теріс пайдалану монополиялық табысты (таза пайданы) тәркілей отырып, табыстың 3-5% - ы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді.