Сауда орталығының аумағында мультифункционалды бизнес-парк ашылмақ.
Эскиз: "Променад"
ERNUR.KZ. 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде тоналған Алматының орталығындағы "Променад" сауда орталығының орнына не ашылатыны белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz.
Алматы қаласының қала құрылысын жоспарлау және урбанистика басқармасы 2022 жылы "Promenade сауда-ойын-сауық орталығын қайта құру (нығайту)" нысаны бойынша жобалық құжаттама алынғанын хабарлады.
"Променад" сауда орталығы Алматының дәл орталығында, Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесінің қиылысына жақын маңда орналасқан. Сауда орталығы 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шекті.
Сауда орталығындағы бутиктердің бірінің иесінің айтуынша, орталықты тонауға тек қарақшылар емес, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары да қатысқан. Тоналғаннан кейін сауда орталығының іші өртенді.