Алматыда қиранды астынан адам іздеуге арналған радар сатып алынады

0
913

Негізі құжатқа сәйкес құрылғының бір данасы – 10,7 млн теңге тұрады.


Алматыда қиранды астынан адам іздеуге арналған радар сатып алынады

ERNUR.KZ. Алматының құтқару қызметі үйінді астынан адам іздеуге арналған құрылғы сатып алуды жоспарлауда, деп жазады inbusiness.kz.

Алматы қаласы әкімі аппаратының "Алматы қаласының авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" МКҚК мемлекеттік сатып алу сайтында 5 микротолқынды радар сатып алуға 53,5 млн теңгеге лот жарияланды.

Негізі құжатқа сәйкес құрылғының бір данасы – 10,7 млн теңге тұрады.

Тауардың сипаттамасында құрылғы үйінді астында қалған адамдарды іздеуге арналған.

Құтқару қызметіне әрқайсысының құны 1,7 млн теңге болатын бес бейнеэндоскоп ("Техникалық эндоскоппен басқарылатын камера") және жалпы сомасы 43 млн теңгеге топырақты зерттеуге арналған бес қондырғы қажет.

Мемлекеттік сатып алулар сайтында барлығы 3 лот орналастырылған

Байқауға қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 13-28 наурыз аралығында жүргізіледі.