Саябаққа алдында тұрғандар арасында маскасыз жүргендер де кездеседі.
ERNUR.KZ. Қиял әлемі" саябағы ұзын-сонар кезек болғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, - деп жазады Tengrinews.kz.
Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, "Қиял әлемі" паркіне қатысты карантин шараларын бұзғаны үшін әкімшілік құжат толтырылған. Саябаққа 230 АЕК мөлшерінде (638 940 теңге) айыппұл салынған.
Әлеуметтік желіде саябақтың кіреберісінде кезекте тұрған ондаған адам түсірілген видео жарияланды. Арасында маскасыз тұрғандар да бар.
Еске салайық, Қазақстанда карантин жеңілдетілгеннен кейін даладағы әткеншектер тек жұмыс күндері ашық болады.